Елорданың сол жағалауындағы орталық көшелерде жол қозғалысы өзгереді
АСТАНА. KAZINFORM – LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы Полиция департаментінің келісімі бойынша, бірнеше жол учаскелерінде, яғни Сығанақ көшесі, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел даңғылы бойынша жол қозғалысы уақытша өзгертіледі.
— 22 наурыз сағат 00:00–ден 06:00–ге дейін — эстакаданың парапеттерін құю бойынша бетон жұмыстарын жүргізу үшін Мәңгілік Ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысқан жол айырығында қозғалыс екі бағытта да толық жабылады;
— 24 наурыз күні сағат 06:00–ден 24.00-ге дейін — парапет қалыптарын демонтаждау үшін Мәңгілік Ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысқан жол айрығында қозғалыс екі бағытта да толық жабылады;
— 25 наурыздан 25 сәуірге дейін — Сығанақ көшесі бойында Мәңгілік Ел даңғылымен қиылысында, Түркістан көшесіне қарай 113-станциясының қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін екі жолақ ішінара тарылады және автожолдың бұрылыс бөлігінде екі бағытта шеткі сол жақ жолақтар жабылады;
— 23 наурыздан 23 тамызға дейін — Қабанбай батыр даңғылында «Астана Жұлдызы» стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай 105-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;
— 23 наурыздан 26 наурызға дейін — Қабанбай батыр даңғылында «Астана Жұлдызы» стеласынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай 106-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;
— 23 наурыздан 23 тамызға дейін — Қабанбай батыр даңғылында Т. Рысқұлов көшесінен Н. Балғымбаев көшесі бағытында 107-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;
— 23 наурыздан 30 наурызға дейін — Қабанбай батыр даңғылында Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесі бағытында 108-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады;
— 23 наурыздан 5 маусымға дейін — Қабанбай батыр даңғылы бойында Бұқар Жырау көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскесінде 109-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолдың екі жолағы ішінара тарылады.
— Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, — делінген CTS хабарламасында.
Айта кетелік елорда автобустарында қазақтың ұлы тұлғалары туралы аудиоақпараттық хабарламалар қосылған еді.