Астананың тағы бір көшесінде автобус жолағы енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 20 тамыздан бастап Р. Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан М. Төлеубаев көшесіне дейінгі бөлігінде автобус жолағы енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

— Арнайы бөлінген жолақ қоғамдық көліктің кедергісіз жүруіне мүмкіндік беріп, оның жұмыс тиімділігін арттыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және жолаушылар үшін қатынасты барынша қолайлы етуге бағытталған, — деп түсіндірді әкімдік.

Осыған байланысты жүргізушілерден аталған учаскедегі жол қозғалысы тәртібінің өзгеретінін алдын ала ескеріп, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын қатаң сақтауды сұралады.

Бұған дейін Алматының Наурызбай батыр көшесінде автобус жолағының орнына веложолақ салынатыны айтылды.