КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Целиноград және Шортанды аудандарының аумағындағы егістіктен еріген қар суының үлкен көлемде ағып келуі салдарынан Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесін су шайып кетті.
«Қазіргі кезде ТЖМ күш-құралдары су бұру каналының бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және құтқарушылардың нұсқауын орындауды сұраймыз», - делінген ҚР ТЖМ мәліметінде.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысына Астана қаласынан 85-ке жуық техника көмекке келгенін жазған едік.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.