Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 7-12 шілдесі аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңімен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы алдымен әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылады.
- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруді сұраймыз, - делінген жазбада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Айта кетейік, Астанадағы Нұржол бульварында көлік қозғалысы уақытша шектелетінін жаздық.