Астананың үш ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Астананың барлық 6 ауданында жаңажылдық мерекелік концерттер өтіп жатыр. Ал «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда, «EXPO» аумағында және Қалалық алаңда елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Өнерпаздар арасында Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Бауыржан Исаев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, «Меломен», «Бәйтерек» топтары бар.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сондай-ақ көрермендер алдында Жандос Айдынұлы, Берік Ержанов, Айзат Қарабекова, Сұлтан Ахмет, Гүлсім Мырзабекова, Қымбат Жамбылбек секілді жас орындаушылар өнер көрсетті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Мерекелік кеште Аяз ата мен Ақшақардың келуі, еліміздің мемлекеттік Гимнін орындау да жоспарланған және ел Президентінің жаңа жылдық құттықтауы көрсетіледі. Түн ауған соң концерттік бағдарлама мерекелік музыкамен жалғасады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

 

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Концерттен бөлек, мұз айдындары, тағам жәрмеңкесі мен балаларға арналған сырғанақтар жабдықталды. Ерекше мерекелік атмосфера қалыптастыру үшін алаңда аниматорлар жұмыс істеп жүр.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Мерекелік іс-шара мәдени дәстүрлерді нығайтуға және Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындарын біріктіруге бағытталған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Жаңа жылды жыл сайын қала алаңдарында қарсы алуға тырысамыз. Мұнда әрдайым мерекелік атмосфера бар, келген жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап осындай шаралардың ұйымдастырылғаны қуантады, — деді Астана тұрғыны.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Айта кетейік, мерекелік концерттер елорданың барлық ауданындағы тұрын алаптарда сағат 12.00-ден бері өтті. Концерттік бағдарламалар эстрада жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Гүлнұр Оразымбетова, Айгүл Иманбаева, Зарина Омарова, Құрмаш Маханов, «Бәйтерек» триосы және басқа да әртістердің қатысуымен өтті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сонымен бірге, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сағат 00:00–дегі дәстүрлі құттықтауы еліміздің барлық аймағындағы қоғамдық орындарда орнатылған LED-экрандарда көрсетіледі.

Бұл халыққа телеэкраннан ғана емес, адамдар көп жиналатын орындарда да құттықтауды көруге және тыңдауға мүмкіндік береді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Оған қоса, алғаш рет Jibek Joly радиосынан Президенттің жаңажылдық құттықтауы беріледі. Осылайша, жаңа жылды жол үстінде қарсы алған қазақстандықтар Мемлекет басшысының құттықтауын 101.4 FM жиілігінен тыңдай алады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сағат 00:00–де жаңажылдық отшашу болады. Мерекелік отшашуға бюджет қаражаты бөлінген жоқ, демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады. Отшашу Астананың қос жағалауында — Ботаникалық бақта және «Атырау» көпіріне іргелес аумақта өтеді.

Бұған дейін 2025 жылы еліміздің мәдениет саласындағы айтулы оқиғалар туралы жыл қорытындысын жариялаған едік.