«Жалпы, әлемде қалалардың даму мәселесі қазіргі уақытта басты назарда болып тұр. Таяуда мынадай бір пікірді оқыдым. 19 ғасыр бұл империя ғасыры болды. Ол кезеңде империя бүкіл ғаламшардың даму болашағын айқындады. 20 ғасыр - бұл ұлттық мемлекет ғасыры. Ол уақытта ұлттық мемлекеттің дамуы маңызды еді. Ал 21 ғасыр - бұл қалалар дәуірі», - деді Үкімет басшысы.
ҚР Премьер-Министрінің атап өтуінше, қазіргі уақытта әлем қалалары бір-бірімен тартысқа түсуде. Олар бір-бірімен капитал, халық тартуда бәсекелес болып отыр.
«Біздің Мемлекет басшымыз өте қиын кезеңде оңтүстік қала Алматыдан елорданы еліміздің орталығы Астана қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл қаланың алғашқы мэрі қызметіне Әділбек Жақсыбеков тағайындалған болатын. Таяуда ғана Елбасы оны тағы да осы қаланың әкімі қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады»,- деді К.Мәсімов.
Сонымен қатар ол өз сөзінде қазіргі уақытта Астананың өз дамуындағы келесі маңызды қадамға ілгерілеуіне бірегей мүмкіндігі туып отырғанын баса айтты.