«25 наурыз күні Есіл ауданында 705 жұмысшы және 318 арнайы техника, оның ішінде құм шашқыш, автогрейдерлер, жүк тиегіштер, самосвалдар, мотопомпалар жұмылдырылды. Сарыарқа ауданында қар тазалауға 215 арнайы техника шықты. Бұл ауданда 455 жұмысшы жұмыс істеуде. Ал Алматы ауданында 584 жұмысшы мен құм шашқыш, автогрейдерлер, жүк тиегіштер, самосвалдар, мотопомпалар сияқты арнайы техникалар жұмыс істеп жатыр», - деп жазды Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева Фейсбуктегі парақшасында.
Сонымен қатар ол қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін ескертіп өткен.
«Көлік құралын басқару барысында жылдамдық режімі мен ара қашықтықты сақтап, күрт бұрылыс жасаудан абай болыңыздар. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер де барынша сақтық танытулары қажет. Жолды арнайы белгіленген жерден ғана кесіп өту қажет. Қала жолдарында арнайы техникалардың жұмыс істеуіне байланысты уақытша қолайсыздықтар болуы мүмкін. Сондықтан қала ішінде жүрген кезде бағдарды алдын ала жоспарлау қажет», - деп жазады Эльвира Жүргенбаева.