Бұл туралы Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына дайындық комитеті штабының медиа орталығынан хабарлады.
Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары бірегей «қала ішіндегі қалаға» бас сұғып, мерекелік жәрмеңке, ойын-сауық аттракциондары, мейрамханалар, заманауи өнер көрмелері, сондай-ақ күндізгі және кешкі концерттік бағдарламаны тамашалайтын болады. Ашық аспан астындағы сахнада классикалық, джаз және эстрада жанрындағы танымал әртістер ән мен жырдан шашу шашпақ. Сонымен қатар, осы кеште үрмелі және халық аспаптары оркестрлері де өз өнерлерін жиналған жамағаттың назарына ұсынады. Мереке қонақтары дәстүрлі түрік музыкасы мен джаз жанры туындыларынан сусындайтын болады.
Кешкі бағдарлама қазақстандық әншілердің қатысуымен «Эстрадалық марафон» түрінде өтеді. Оның соңы отшашуға ұласпақ.