Астананың 15 жылдығына орай «Жібек жолы» атты сайыс-көрме ұйымдастырылады

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде 28 маусым күні «Жібек жолы» атты аймақтық батик өнері сайысына қатысушылардың жұмыстары қойылатын көрменің ашылуы болады.

Бұл - «Балалық шақтан көзқарас» атты жоба аясындағы ҚР Тұңғыш Президенті музейінің және Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының бірлескен кезекті іс шарасы.

Мұндай көлемде бейнелеу өнерінің осындай жанры бойынша сайыс-көрме Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл бәсеке Астана қаласы Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының бастамасы болып табылады.

Көрме балалар шығармашылығы арқылы ертедегі батик өнерімен танысуға мүмкіндік береді. Батик - матаны қолмен безендірудің ерекше техникасы. «Батик» термині бізге Индонезиядан келген. Батик тарихы сан ғасырларды қамтиды. Алғашында ол жай қол өнері, қазіргі күнде - өнердің жеке бір түрі болып табылады. Қазіргі заманда батик техникасы арқылы Үндістанда авангардтық көркем шығармалар дүниеге келеді. Үндістаннан басқа көптеген елдер де батик өнерін өздерінің ұлттық өнері деп санайды. Олар мысалы, Индонезия, Малайзия, Шри-ланка және Тайланд. Батик техникасы үлгісінде жасалған ғажайып дүниелер Шығыс пен Батыс елдері нарығында сұранысқа ие.

Батик өнері бойынша сайысқа Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Бадамша және Павлодар қалаларынан 100 астам жұмыстар қойылған. Өнер бәсекесіне жергілікті жерлерде жұмыстары іріктеліп алынған, көркем және өнер мектептерінде оқитын 10 мен 17 жас аралығындағы балалар қатысты.

Осы сайыс аясында батик өнері бойынша мастер-кластар, жүлдегерлерді құттықтау рәсімі, қаланың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар сайыстың дипломдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталады.

Көрме ағымдағы жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.