Астананың 20 мектебі «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасына қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық білім басқармасы мен "Нестле Фуд Қазақстан" компаниясы бастауыш сынып оқушыларына арналған "Салауатты тамақтану мектебі" атты əлеуметтік жобаны іске қосты. Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мəслихатында "Нестле Фуд Қазақстан" компаниясының бас директоры Марк Потаст мəлім етті.

Ал, осы жоба аясында дайындалған арнайы əдістемелік құрал мен жұмыс дəптерінің бірінші авторы Өрік Иманғожаеваның айтуынша, бағдарлама сыныптан тыс сабақ ретінде оқытылады. "Нестле Фуд Қазақстан" компаниясы бағдарламаны қуана қолдады, себебі компанияның басты мақсаттарының бірі балалар үшін пайдалы тамақ шығарумен қатар, олардың дұрыс тамақтануына ықпал ету. Компанияның бұл бағдарламасы 2014 жылдан бері Алматының 20 мектебінде сəтті жүзеге асырылып келеді. Енді, елорданың білім басқармасы қолдап, Астанада 20 мектеп осы бағдарламаға қосылып отыр. Яғни, 2015-2016 жылдары Алматы мен Астананы қоса есептегенде, 40 мектеп, 8000 оқушы осы бағдарлама аясында дұрыс тамақтану принциптерін оқып-үйренуде"', - дейді М.Потаст. Арнайы бағдарламаны əзірлеуге түрткі болған мəселе - мектеп оқушыларының дұрыс тамақтанбай, түрлі ауруларға шалдығуы. Мысалы, əдістемелік құралдың авторлары атап өткендей, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам денсаулығында, əсіресе, балалардың денсаулығында пайда болатын түрлі аурулардың 80%-ы дұрыс тамақтанбаудың салдары екенін жариялаған. Балалар арасында зиянды тамақтанудан болатын аурулардың түр-түрі Қазақстанда да жиі кездесе бастаған соң, зерттеушілер мен мамандар мектептер үшін осы жобаны əзірлеген.