"Астананың 20 жылдығы құрметіне бірнеше облыспен бірігіп, велосипед жолдарын салып жатырмыз. Онда бюджеттік қаражат та бар, демеушілік қолдаулар да бар. Мәселен, велосипед жолдары - бюджет ақшасына жасалса, кішігірім сәулеттік мүсіндер демеушілер есебінен болмақ. Біздің басты міндетіміз құрылысты сапалы жүргізіп, уақытында пайдалануға беру", - деп жауап берді әкім журналистер сұрағына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылданған еді. Астананы ресми көшіру 1997 жылдың 10 желтоқсанында жүзеге асырылды. 1998 жылдың 6 мамырында Президент жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.