Астананың 20 жылдығына Қарағанды өңірі не сыйлайды
«Шамамен бір айдан кейін біздің бәріміз еңселі елордамыз - Астана қаласының 20 жылдығын атап өтетін боламыз. Қарағандылықтар Астанаға сыйлық дайындап қойды. Ол - «Ұлытау» аллеясы және «Қазақ еліне мың алғыс» монументі. Аллея - ашық аспан астындағы музей іспеттес болады. Ол жерде біздің Ұлытаудың басты құндылықтарын көруге болады. Ол жерде «Алтын шоқы» шыңындағы тастың көшірмесі қойылатын болады. Ол таста - Темірланның жазбасы сақталған. Тастың түпнұсқасы Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақталған. Ғалымдардың пайымдауынша, тасқа жазба 1391 жылы - Темірланның Алтын Ордаға жасаған әйгілі жорығы кезінде қашалған», - дейді ол.
Әкімнің айтуынша, тұңғыш рет осы ескерткіштің көшірмесі бәрі тамашалай алатындай орынға - Астананың ортасына орналастырылады. «Ұлытау» аллеясында сонымен қатар Теректі Әулие мен Байқоңырдың петроглифтерін көруге болады. Ол петроглифтердің 4 мың жылдық тарихы бар.
««Қазақ еліне мың алғыс» монументі - 14 метрлік қола мүсінді композиция. Қазіргі уақытта ол Қарағандыдағы көркемөнер комбинатында жасалып жатыр. Монумент - репрессия кезінде көптеген ұлттарды құшағына басқан қазақ елінің мейірімділігін паш етеді», - дейді әкім.
Ерлан Қошановтың айтуынша, сыйлықты әзірлеуге демеушілер көптеп үлес қосқан.
«Сыйлықтардың құнын айту әлбетте ыңғайсыздау болар. Бірақ, айта кетерлігі - ол сыйлықтардың жасаудағы қаражаттың көбін демеушілер қосты. Бұл біздің кәсіпкерлер. Жақсылық жасағанын жарнамалағысы келмейді. Олар өз сөзінде «Бұл барлық қарағандылықтардың атынан берілетін сыйлық» дейді», - деді Ерлан Қошанов.