Жарыс Қосшы қаласы бағытындағы айналма веложолдан басталады. 25 шақырым қашықтықтан кейін Үркер (Ильинка) елді мекеніне барар жолдағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.
Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу: сағат 8:00 - 8:30. Басталуы – 9:00.
Әрбір қатысушы жарысқа өз велосипедімен жіберіледі.
Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.