Спорттық шараға белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері, сонымен қатар тілек білдірген тұрғындар қатысты. Шара елорда әкімдігімен ұйымдастырылды. Марафон басталмас бұрын қатысушыларға Астана қаласы әкімдігі бекіткен ҚР Президенті сайлауының ресми символикасы бейнеленген бейсболкалар мен футболкалар таратылды. Жүгіру Кенесары көшесінен басталып, Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешенінде аяқталды. Шараның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов барлық қатысушыларға ізгі тілектерін жолдады. - Біздер өз денсаулығымызға мұқият болуымыз қажет. Денсаулық - халықтың байлығы мен ең үлкен жетістігі. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, бақытты және қуатты болыңыздар, - деді ол. Сондай-ақ марафонға келген қаламыздың қарт тұрғындарының бірі, ҰОС ардагері Федор Марьин шараға қатысушылардың көптігіне таң қалғанын жасырмады. - Қатысушыларға спорттың биіктерін бағындыруды тілеймін. Білімнің шыңына шығуларына тілектеспін. Әрдайым осындай көрікті болып жүріңіздер, - деген жүрекжарды тілегін білдірді ардақты ардагер. Барлық жылы тілектерден кейін марафон қатысушылары аспанға 500 шар ұшырды.
20:21, 12 Сәуір 2015
Астананың 800-ден астам тұрғыны денсаулық марафонына қатысты (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы әкімдігі алдындағы алаңға 700 метрлік денсаулық марафонын жүгіріп өту үшін 800-ден астам елордалық тұрғын жиылды, деп хабарлайды astana.kz.