Акцияның мақсаты - елорда тұрғындарына құқықтық көмек көрсету.
Атап айтқанда, осы шара аясында арнайы құрылған топтың құрамында департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, қаланың заңгерлері, сот орындаушылары, нотариустар мен қорғаушылар, әкімдіктің құқық саласындағы білікті мамандары бар. Бұл шараның бірінші күнінде түзету мекемелерінде, оқу орындарында, екінші күні Ильинка және Пригородный елді мекендерінде тұрғындарымен кездесулер өтіп, тиісті құқықтық кеңестер берілді. Ал акцияның соңғы күні «ашық есік күнімен» аяқталады. Осы орайда бүгін Әділет департаментінде барша азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық мәселелер бойынша кеңестар беріледі.