Оқу жылының қорытындысы бойынша 362 оқушы АҚШ, Бразилия, Голландия, Грузия, Индонезия, Ресей, Түркия, Қытай, Кипр, Корея және Үндістан сияқты әлемнің бірқатар елінде өткен халықаралық олимпиадаларға қатысып, 234 медальға ие болған. Сондай-ақ елорданың оқушылар командасы 7 жыл қатарынан үздік атанып келеді. Салтанатты балда ақ түсті кешкі бал көйлегіндегі арулар мен смокинг киген бозбалалардан құралған 75 жұп вальс ырғағында тербелді. Бал барысында олимпиадалардан бірнеш мәрте жүлде әкелген оқушылардың еңбектері ескеріліп, 16 оқушыға «Топжарған» номинациясы бойынша алтын жұлдызшалар берілді. Қадірлі қонақтар ретінде балға ҚР Парламенті мен Астана қаласы мәслихат депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, елордалық әкімдік өкілдері шақырылды.
21:09, 25 Мамыр 2014
Астананың ақылды балалары «Триумф» балына қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Оқушылар сарайында дарынды балаларға арналған «Триумф» балы өтті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған салтанатты шараға 2013-2014 жылғы халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауының шамамен 230 жеңімпазы мен жүлдегерлері, астаналық білім мекемелерінің 9-11 сынып оқшылары қатысты.