Астананың ақылы тұрақтарында негізсіз төлем алынған
«Әрбір өңірдегі қызметіміздің маңызды бағыты – бұл ақылы автомобиль тұрақтары. Биыл өңірлерде, оның ішінде «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-не мониторинг жасадық. Азаматтық қоғам мен Астана қаласының атқарушы органдарымен бірге жүргізілген мониторинг нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сай келмейтін және азаматтардың шектеусіз тобының құқығын бұзатын сәттер анықталды. Төлем негізсі алынған және дер уақытында тұрақ ақысын төлемеген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылған», - деді Саян Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, агенттіктің ұсынысы негізінде және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің қолдауымен тұраққа төлем жасамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр.