«Мен Астананың әлем астанасы болғанын қалаймын, өйткені ол сондай дәрежеге лайық қала. Бұл жердің ауасы кәусардай таза, жастарға барлық жағдай жасалған. Ғимараттары туралы айтудың да қажеті шамалы, оларды кез келген адам өз көзімен көруі тиіс», - дейді ол. Астана еліміздің бетке ұстар бренді дей келе елорданың жас тұрғыны: «Біз, жастар, Мемлекет басшысының сындарлы саясатын барынша қолдаймыз. Мен елімізді мақтан тұтамын, елордамызды мақтан етемін. Өйткені мұндай астана басқа ешбір елде жоқ. Сондықтан Астананың бұдан да көркейіп, әлемдегі ең әдемі қала болғанын тілеймін», - деп түйіндеді сөзін.
08:41, 05 Шілде 2015
Астананың әлем астанасы болғанын қалаймын - елорда тұрғыны
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының жас тұрғыны Ақерке Тоқтарова барлық отандастарын алда келе жатқан елорда күнімен құттықтады.