Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Анкараға ресми сапармен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов бастаған қазақстандық делегация келді.
7 қыркүйекте Астананың Анкарадағы Мәдениет күндерінің аясында Қазақстан астанасының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың түрік астанасының мэрі Мелих Гёкчекпен кездесуі болып өтті. Кездесу қорытындылары бойынша ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қойылды.
Бұл күні қазақстандық елорда әкімі мен Түркия Парламентінің төрағасы Джемиль Чичекпен келіссөздері болып өтті.
Ресми делегация Анкарадағы 2010 жылдың 24 маусымында түркі әлемінің дамуы ісіне үлкен үлес қосқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қойылған Жастар саябағына барды.
Естеріңізге сала кетейік, Астананың Түркия астанасындағы Мәдениет күндері 6-9 қыркүйек аралығында өтуде.