Астананың ару қызы Қазақстанды Малайзиядағы Халықаралық сән байқауында таныстырады

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордалық Анастасия Аймурзаева Малайзияда (Куала-Лумпур) өтетін «Miss Tourism International 2013» сән байқауына қатысады, деп хабарлады «OK-models» сән агенттігінен.

Аталмыш байқау 1994 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемнің ең беделді сән байқауының бестігіне кіреді. Биыл әлемнің түкпір-түкпірінен 72 қыз іріктелді. 3 аптаның ішінде олар әртүрлі әлеуметтік жобаларға, презентацияларға, көрсетілімдерге, түсірілімдерге қатысады.

Жыл сайын байқаудың финалы тура Жаңа жыл түні өткізіледі. Нақ сол түні жеңімпаздар анықталады.