Ауғандық азаматтар Қырғыз Республикасының жалған құжаттары бойынша мемлекеттік шекарадан өтпекші болған. Бұдан басқа, төлқұжаттарда Еуропалық Одақ елдерінің аумағына кіруге, тұруға және жүруге құқық беретін Шенген аумағының жалған визалары болды.
Анықталғандай, олар жалған төлқұжаттар арқылы Германияға ұшпақшы болып, оның аумағында босқындар мәртебесін алуды мақсат еткен.
Қазіргі уақытта ұсталған шетелдік азаматтарға қатысты тергеу алдындағы тексеріс өткізілуде.