Астананың Азия өңірінің қаржы нарығындағы орталыққа айналуға әбден мүмкіндігі бар - Александр ЧЕРВЯКОВ
«Біріншіден, бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Мені Астананың әсем келбеті, тазалығы тамсандырды. Әрине, бұл - әлемдік деңгейдегі астана. Бұл тұрғыда Астана Азия өңірінің қаржы нарығындағы орталыққа айналуға әбден мүмкіндігі бар. Ал Астана экономикалық форумының ауқымдылығы ондағы тақырыптардың халықаралық маңыздылығы өте жоғары деп есептеймін. Мәселен, өзім қатысқан жаһандық өңірлік рыноктардағы қаржылық тұрақтылықты дамыту мәселелеріне орай өткен сессияның өзінде көптеген маңызды пікірлер айтылды. Бәрімізге белгілі, қазіргі күні әлемдік экономикада түйінді мәселелер аз емес. Қаржылық дағдарыстың да жағымсыз әсерінен әлі толық айығып кете алған жоқ. Ал оның бәрін әлем болып бірігіп, кеңесіп, келісіп шешкен абзал. Ал бұл тұрғыдан бүгінгідей ауқымды форумдардың маңызы зор деп ойлаймын», - деді Александр ЧЕРВЯКОВ.