«ҚазАгро» холдингі қаржыландырған Астананың азық-түлік белдеуі жобаларының ішінде 42 нысан пайдалануға берілді және астаналық нарыққа өнімді жеткізеді», - делінген холдингтің хабарламасында.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, азық-түлік белдеуін құру аясында 59 жоба мақұлданып, іске асырылуда, олардың жалпы құны 30,7 млрд. теңгені құрайды.
Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылуда, оған Ақмола облысының 17 және Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді.