Шара аясында елорданың тұрғындары мен қонақтарына тегін заңгерлік кеңес берілуде.
Қалалық сот төрағасы Сәкен Абдуллаевтің атап өтуінше, Фемида қызметшілері осы шара арқылы азаматтардың сот жүйесіне сенім арту деңгейін арттыруды және соттардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Бұл ретте ол өткен жылдың соңынан бері электронды үкімет порталы арқылы Астана сотына электронды талап-арыз беру қызметі қолжетімді болғандығын атап өтті. Ал осы жылдың мамырынан бастап сынақ тәртібімен сот отырыстарының электронды хаттамаларының жазбасы жүргізіледі. Ол үшін арнай дыбыс және бейне жазба құрал-жабдықтары орнатылған.
Ашық есік күні бүгін кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады.