Астананың бас жоспарын талқылауға әкім қатысуы тиіс – елорда тұрғыны

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордалық тұрғын Астананың бас жоспарын талқылауға Жеңіс Қасымбектің қатысуын талап етті. Оның айтуынша, бұл ұсыныс, тыңдау алаңына шаһар басшысы өзі келуі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің әкім Астананың бас жоспарын талқылауға қатысуға тиіс еді. Бізге сіздің есептеріңіз қажет емес. Жоспарлар, эскиздер, сүрілетін үйлердің барлығын көріп отырмыз. Енді бізге сіздердің іс жүзіндегі әрекеттеріңіз керек. Қоянды саяжай алабы тұрғындарының атынан сөйлеп тұрмын. Полиция постына дейін бұл қаланың аумағы. Бекеттің ар жағы облыстың аумағы саналады. Онда Ақмола облысы, Целиноград ауданы деген үлкен баннерлер ілініп тұр. Кезектілік бойынша одан әрі Қоянды ауылы жүреді, ол аумақтық тиістілігі бойынша Ақмола облысына жатуы тиіс. Неліктен облыс аумағынан кейін қала аумағы орналасқан?»- деп сұрады Әлия Найманқұлова.

Әкімдік бұл орын тек тұрғындар жеміс-жидек егу үшін баратын саяжай аумағы саналатынын айтып, жауап берді.

«Әлия Ноябрқызы, әкімдік қабырғасында біз сіздермен осы мәселе бойынша бірнеше рет кездестік. Сізде саяжай массиві бар. Заң бойынша бұл жер жеміс-жидек отырғызу үшін уақытша бөлінген», - деп толықтырды әкімдік.