Астананың басты шаңғы мерекесі ақпанда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының хабарлауынша, 28 ақпанда Астанада жылдың басты шаңғы мерекесі «Бұрқасын-2015» өтеді, деп жазады «Астана ақшамы» басылымы. Шаңғымен жүгіру Есіл өзенінің арнасында (Қалалық саябақ) және Сарыарқа даң¬ғылындағы көпір мен жаяу жүр¬гіншілер көпірінің ортасында («Астана Парк» қонақүйінің қасында) өтеді.

Шараға орта арнаулы және жоғары оқу орындарының ұс¬таздары мен студенттері, мектеп оқушылары, Қа¬зақ¬стан Рес¬публикасының министр¬ліктері мен мекеме¬лерінің, елордалық мемле-кеттік құрылымдардың, кәсіпорындардың қызмет¬керлері, сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Бағдарламаға ерлер, әйелдер, ұлдар мен қыздар, балалар, зейнет¬керлер және мүмкіндігі шек¬теулі жандар арасындағы жарыстар енгізілген. Жеңімпаз атанған шаңғышыға естелік сыйлықтар мен жүлделер табыс¬талады.

«Бұрқасын-2015» - ашық аспан астындағы отбасылық және ұжымдық демалыстың үздік түрлерінің бірі. Аталған спорт мерекесі Астанадағы қысқы спорт маусымын жабады. Дәстүрге айналған спорттық-бұқаралық мереке биыл 13 мәрте өткізілмек.