Бірінші минуттардан бастап, Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Кетевоама(К), Мужиков, Каньяс, Твумаси және Кабананга ойнайды.
Еске сала кетейік, бұл кездесу бүгін, 25 қараша күні Қазақстан астанасының «Астана Арена» стадионында өтіп, жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталады. Тікелей эфирде матчты «Оң-ТВ» «бұрынғы «ТАҢ») телеарнасы көрсетеді.
Қоса кетейік, «Бенфика» тоғыз ұпаймен «С» тобында көш бастап тұрса, екі ұпай алған «Астана» соңғы, төртінші қатарда орналасқан.