Астананың бес алаңында мерекелік отшашу болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының туған күнінде сағат 22.50-ден бастап 23.00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалады. Бұл барлық мерекелік шаралардың қорытындысы іспетті болды.

Астана әкімдігінің сайтында хабарланғандай, фейерверктер шоуы жергілікті уақыт бойынша 10 минутқа созылады.

Биылғы отшашу қаланың 5 жерінде өтті: Есіл өзенінің жағалауы, "Хан Шатыр" СОО алаңы, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы, Music Hall мейрамханасының жаны және "Арман" дүкені жанындағы "Жас батыр" стадионының аумағы.