«Ұстаздарды қайта даярлауды 4 жылда бір өткізу, сондай-ақ 5 жылда бір рет ұйымдастырылатын аттестацияның тиімділігі төмен екенін мойындау керек. Мысалы, Финляндияда мұғалімдерді қайта даярлау жарты жылда бір мәрте өткізіледі. Бүгінде пәнді жүргізетін оқытушыларды жүйелі және тұрақты қайта даярлауда серпіліс керек. Атап айтқанда, пән мұғалімдерінің біліктілігі деңгейіне талаптар жүйесі өте маңызды. Ұстаздар аттестациясына қадамдарды өзгерту керек», -деп тоқталды ол. Барша әлемде мамандар тұрақты түрде кәсіби жарамдылығына емтихан тапсыратындығын атап өткен ол, «егер мұғалімнің дипломы мен еңбек өтілі болса, оны жоғары білікті маман деп санау қате пікір. Алайда, бұл тұрғыда барлық кінәні оқытушыларға жабу дұрыс емес. Яғни ол жалпы білім беру жүйесінің де проблемасы», - деді білім басқармасының басшысы.
13:57, 21 Тамыз 2014
Астананың білім басқармасы мұғалімдерді аттестациядан өткізу жүйесін өзгертуді ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық педагогтардың жыл сайынғы Тамыз кеңесінде қалалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева мұғалімдерді қайта даярлау мен аттестациядан өткізу жүйесін өзгертуді ұсынды.