Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Астана қаласының Алматы ауданында велосипед ұрлығының 575 фактісі тіркелген, бірақ олардың тек, 5,7 пайызы ғана ашылды. Ашылған істердің дені видеобақылау камераларының көмегімен болған. 20 қыркүйекте Алматы ауданы прокурорының көмекшісі А.Аймаханов өз үйінің ауласында велосипед ұрламақ болған адамды ұстады. Велосипедті асыға әкетіп бара жатқан жүрісі күмәнді адамды көре сала ол оны тоқтатпақ болады. Бірақ ұры велосипедпен қаш жөнеледі. Алайда, қызметкер қылмыскерді қуып жетіп, жерге құлатып, полиция қызметкері келгенше ұстайды. Қылмыскер ұрлық жасағанын мойындап, бүгінгі күні іс сотта қаралуда.
06:26, 24 Қазан 2014
Астананың бір ауданында ғана велосипед ұрлығының 575 фактісі тіркелген - Прокуратура
АСТАНА. Қазақпарат - Соңғы уақытта Астана қаласы бойынша ғаламтор қолданушылары арасында әлеуметтік желілерде велосипедтердің ұрланғандығы жайлы хабарлардың жариялануы жиілей түсті, деп хабарлады Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасынан.