«Өзара іс-қимылдың маңызды саласы мәдени-гуманитарлық байланыстар. Ынтымақтастығымызды дамытуда бізде тұрып жатқан тәжік диаспорасы айтарлықтай рөлге ие. Қазақстандағы тәжіктердің ұлттық-мәдени орталықтары бар және олар Қазақстан халқы Ассамблеясына да кіреді. Сонымен қатар, екі ұлт арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін елорда көшелерінің біріне тәжіктің ұлы ақыны, философ Рудакидің есімін беру туралы шешім қабылданды», - деді Елбасы.
Қазақстан Президенті бұл оқиға Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жарқын нышандардың біріне айналатындығын баса айтты.