Қос қарсылас арасындағы ойындар мамырдың 5-де басталады. Плей-оффтағы барлық сериялар үш жеңіске дейін болады. "Астана" баскетбол клубы алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізеді. Ойындардың толық кестесін ұсынамыз.
1-ші ойын - 5 мамыр, 19:00 (Нұр-Сұлтан уақыты), Химки қаласында;
2-ші ойын - 7 мамыр, 23:00, Химки қаласында;
3-ші ойын - 10 мамыр, 19:30, Нұр-Сұлтан қаласында
Алғашқы үш ойында келесі айналымға шыққан команда анықталмаса, қосымша тағы екі кездесу өткізілуі мүмкін.
Матчтар 12 мамырда Нұр-Сұлтанда, 15 мамырда Химики қаласында өтпек.