«Астананың» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы кім болмақ
04:40, 03 Тамыз 2017
«АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсететін командалар белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Турнирдің бұл кезеңіне жолдама алған «Астана» командасының қарсыласы төмендегі клубтардың бірі болады: «Олимпиакос» (Грекия), «Селтик» (Шотландия), «Копенгаген» (Дания), АПОЭЛ (Кипр), «Марибор» (Словения).
Жеребе тарту рәсімі жұма күні, 4 тамызда өтеді.