Сарыарқа ауданында үш сағат бұрын Суворов және Карталинская көшелерінде электр қуатының апатты жағдайда өшіп қалуы орын алды.
Қалалық «IKomek» қызметінің мәліметінше, қазір жарықсыз қалған көше тұрғындарына электр қуатын қосу жұмыстары жүргізілуде.
BI service мәліметінше, Есіл ауданындағы «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінде «Астана ӨЭК» компаниясы жүргізген жұмыстарға байланысты электр қуатын бірнеше мәрте өшірілген.