Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға 13 қазан күні елді мекендегі дүкендердің бірінің қасында орын алды. Астананың екі тұрғыны арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде ер адамдардың бірі қарсыласына пышақ сұғып өлтірген.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлімі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Белгілі болғандай, екі ер адам да Қараөткел ауылында шаруашылық ғимараттарды салумен айналысқан.