Астананың елордалық саябағында жаңа аттракцион орнатылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық саябақта толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жобаларды ағымдағы жылғы Астана күнін мерекелеу қарсаңында аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне Коммуналдық шаруашылық басқармасынан хабарлады.

Сонымен, саябақта бұрынғыға қарағанда, диаметрі үлкен жаңа айналмалы шолу дөңгелегі аттракционы орнатылуда. Қазіргі уақытта бақта 12 аттракцион бар. Олардың бесеуі ақаулықтары болғандықтан, қызметі тоқтатылды. Ал 7-еуі жөнделіп, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, астаналық балақайларға жаңа балалар алаңдары, көп қызметті кешендер, спорт тренажерлары орнатылмақ.

"Сондай-ақ кейбір жүгіру алаңдарында шаңғы тебетін жолдарға заманауи спорттық тренажерлар орнатылады. Астананың жазы тым қысқа, сондықтан қазір жаз міндеттерін алға қойдық, демалыс кезеңдерінде Астанаға өзге өңірлерден қыдырып келген қонақтар тамашалау үшін, біздің де тұрғындар жақсы тынығуы үшін қалалық саябақты ретке келтіруміз қажет", - деді басқармадан. Еске сала кетейік, саябақ 6 учаскеге бөлінген: жағажай, орталық аллея, ішінде безендірілген өрнектермен 4 үңгірден тұратын композиция, құрғақ субұрқақ, олимпиадалықтар алаңы.