Астананың ескі бомбадан қорғану ғимаратында өрт болған жоқ, тек түтіндеді - ТЖД

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Астананың ескі бомбадан қорғану ғимаратында өрт болған жоқ, тек түтіндеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана ТЖД бастығының орынбасары Қайыргелді Мейрамов хабарлады.

«Онда өрт болған жоқ, тек түтіндеді. Сөндіретін ештеңе жоқ. Кіреберіс есіктерді топырақпен жауып тастау туралы шешім қабылданды. Қазір онда қажетті жұмыстар жүріп жатыр, оқиға орны қоршауға алынды», - деп хабарлаған Қ.Мейрамов зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ екенін де атап өтті.

Оның пікірінше, «бомба қорғану ғимаратында түтіннің шығуына тұрақты мекен жайы жоқ адамдар себепкер болуы мүмкін».

Нақтыланған ақпарат бойынша, өрт туралы ақпарат кешкі 17.15-те түсті. Ескі бомбадан қорғану ғимараты Достық көшесінде орналасқан. Ғимарат 1600 шаршы метрлік жерді алып жатыр.

Өткен жылдың ақпан айында болған өрт кезінде ТЖМ үш аға офицері қаза тапқан еді.