Барлығы учаскеде 2431 сайлаушы тіркелген, олардың 30-ы алғаш рет дауыс беріп отыр. Қазіргі уақытта 200-ден астам адам дауыс беріп үлгерді.
Сайлау тәуелсіз бақылаушылар, сайлау учаскесінің төрағасы, сенімді тұлғалар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтуде.
Бүгін №98 сайлау учаскесінде Астана қаласындағы "Лад" славян этномәдени бірлестігінің өкілі де өз дауысын берді.
- Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн, елдің болашағы - біздің дауысымызда. Әрине, дауыс беру біздің азаматтық парызымыз. Біз жас мемлекетте тұрып жатырмыз, біз мемлекетіміздің қарқынды дамуы үшін өз дауысымызды береміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығында біз 20 жыл бойы атқарған еңбегіміздің жемісін көреміз деп ойлаймын, - деді этномәдени бірлестік өкілі Валентина Папенко.
Сонымен қатар, Астананың жастары да бірінші рет сайлауға қатысып, өз дауыстарын беруде.