«Астананың» фанаты клуб ойыншыларын таң қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» клубының фанаты ойыншылар мен олардың жаттықтырушыларының портреттік кескіндемесін салды, деп хабарлайды Sports.kz.

Футбол жанкүйері дизайнер Айгүл  клуб ойындарда жеңсе де, жеңілсе де оған қолдау білдіруін тоқтатпаған. Ол «Астанаға» деген ықыласын салған суреттері арқылы білдірмек болған.