Астананың ішкі саясат басқармасына жаңа бастық тағайындалды

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Астананың ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды,

деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астана әкімі Иманғали Тасмағабетов жұма күні Болат Тілеповты ішкі саясат басқармасының басшылығына тағайындау туралы өкімге қол қойды.

32 жастағы Болат Тілепов бұған дейін осы басқарманың басшысының орынбасары болған.