деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл кеш Бауыржан Момышұлы атындағы саябақтағы амфитеатрда болады.
Мерекені ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, елорда тойында өз өнерін көрсеткен әншілерге арнап қалалықтар да өз тарапынан марапаттауға ниет танытып отыр. Үкімет үйі, Парламент, Жоғарғы сот, Прокуратура және әртүрлі министрліктердің басшылары әншілердің әрбіріне дербес Алғыс хат дайындамақ. Бұл күні Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, «Жігіттер» тобы және Мәдина Сәдуақасова, Жазира мен Жанболат секілді танымал әншілер ән салады. Ал, Ақорда мен қалалық әкімдіктің Алғыс хатын тағайындау көрермендердің ұялы телефон хабарламасы арқылы анықталмақ.