Ол жалған қызметтік куәлікті пайдалану арқылы, өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, түрлі коммерциялық кәсіпорындардың басшыларынан ірі көлемде қаржы бопсалап келген деп айыпталуда. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.
Осы күні Н.Кентаевқа алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Үстіміздегі жылдың 18 мамырында сот санкциясымен Кентаев тұтқынға алынды.
Жедел ақпаратқа сәйкес, айыпталушы өзінің заңсыз әрекетін Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырған.
Осыған орай, осы аталған азаматтың әрекетінен зардап шеккен адамдар Астана қалалық Қаржы полициясына 210-909 телефоны арқылы немесе Қаржы полициясы органдарының «144» ортақ сенім телефоны арқылы хабарласа алады.