Астананың қай аудандарында ауыз су болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 шілдеде сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін су құбырында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты елорданың кейбір аудандарында ауыз беру тоқтатылады. Бұл туралы әкімдіктің жағдаяттар орталығы хабарлады.

Бейсеков 14, 11/2, 11/4, 14/2 көшесі, Громов және Изобильный көшелерінің қиылысы  бойынша орналасқан тұрғын үйлерде ауыз су беру тоқтатылады.

Сондай-ақ №16 орта мектепте, №1 өнер мектебінде, «СМЭУ Астана» ЖШС-да, Бақтырораз Бейсекбаев көшесінде орналасқан №13 үйде, Абай даңғылы бойындағы №72 үйде ауыз су тоқтатылады.

Абылай хан даңғылы 23, 25/1, 25/2, Илияс Жансүгіров көшесі 4/1, №32 мектеп-гимназиясында ауыз су беру тоқтатылады.