«Бүгінгі таңда қала аумағында IT бағытта білім беретін 4 мектеп бар. Олар - №8, 73, 59, 85-ші мектептер. Аталмыш мектептерде компьютерлік графика, видео-технология, мобильді қосымшалар дайындау, робототехника, веб-сайттар құру және 3D модельдеу, Design, web-технологиялар, электроника және мехатроника бағыттары тереңдетіліп оқытылады.Бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығын дамыту мақсатында Scratch, Tynker, CodeCombat қарапайым ойын бағдарламаларымен бағдарлама жасау, орта, жоғары буын оқушылары Python, Java, HTML бағдарламаларын Kodoqu платформасымен оқу арқылы үйренуде.Сонымен қатар, қала мектептеріндегі білім беру үдерісін жақсарту мақсатында Online mektep.kz, Bilim Land, Daryn.online сияқты ақпараттық-білім беру платформаларында жұмыс істейді», - деді Нариман Еламанов Астана қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Оның айтуынша, IT бағытта білім беретін 18 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында (3 мемлекеттік, 15 жеке меншік) IT-мамандықтар бойынша («Компьютерлік инженерия және ақпарат құралдары», «Бағдарламалық қамтамасыз ету») оқыту жүріп жатыр.