Биылғы қыста Астананың әр ауданында сырғанақ алаңдары, шаңғы тебуге арналған жолдар ұйымдастырылып, мұз төбешіктер орнатылды. Қысқы ойын-сауық алаңдарында конькиді, тюбингтерді жалға беру қарастырылған.
Барлық алаңдар Astana Winterland жобасы аясында іске қосылған. Бұл - қала аудандарындағы 12 тақырыптық алаң, 32 мұз айдыны, 36 мұз төбешік, 400-ден аса шара.