Астананың кедендік бақылау департаменті жыл басынан бюджет түсімдерін 106,1 пайызға орындады
16:33, 27 Шілде 2012
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында елорданың кедендік бақылау департаменті бюджет түсімдерін 106,1 пайызға орындады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 30 маусымы аралығында Астана қалалық кедендік бақылау департаменті бюджетке 28 млрд. 445 млн. теңге сомасында түсім түсірді. Болжамды тапсырманың орындалуы 106,1 пайызды құрады», - делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бюджетке кедендік төлемдер мен салық түрінде 27 млрд. 282 млн. теңге сомасында түсім құйылған еді.
Кеден қызметінің әрбір маманы 6 айдың ішінде 80 млн. теңге сомасында бюджет түсімдерінің түсуін қамтамасыз етті.