деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана көшірілген кезде ол бұдан былай Қазақстанның ғылыми әлеуметтік орталығы болады деп жариялаған болатынбыз. Солай болып келе жатыр. Алда атқарылар жұмыстар көп», - деді Президент.
Мемлекет басшысы елорда болғаннан кейін қалада бірқатар халықаралық деңгейдегі университеттер, интеллектуалдық мектептер, өнер саласын дамыту тұрғысындағы бірқатар мәдени нысандар салынып, олар іске қосылып жатқандығын тілге тиек етті.
Сондай-ақ Н. Назарбаев Астана денсаулық сақтау орталығына айналуға тиістігін қадап айтып, бүгінде бірқатар емханалар мен емдеу орталықтары салынғанын, солардың негізінде медициналық кластер құрылғанын жеткізді. «Астана елдің ірі мегополис орталығы болады», -деп атап өтті Президент.