Жол құрылысы аясында барлық инженерлік жүйелер орнатылады. Аталған жол бөлігінде көлік қозғалысын үстіміздегі жылдың қараша айының соңына дейін қалпына келтіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana.kz . Бұдан бөлек, 26 маусымнан бастап кепілдік міндеттеме шеңберінде мердігерлік ұйым К.Бәйсейітова көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты К.Бәйсейітова көшесінің Фахд бен Абдул Азиз көшесінен Оқжетпес көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Жол қозғалысын 1 шілдеге дейін қалпына келтіру көзделген. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік жүргізушілеріне кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында жолдарды жөндеу жұмыстарын ескере отырып, жол жүру бағдарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.
15:23, 26 Маусым 2015
Астананың кей көшелерінде жолдар жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 28 маусымда, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні №191 көше құрылысына байланысты Алаш тас жолынан Сарытөбек көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.