Астананың кейбір аудандарында 2 күн ыстық су болмайды

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Қаланың кейбір аудандарында ертең және одан арғы күні ыстық су тоқтатылады.

Бұл туралы astana.kz сайтына "Астана-Жылутранзит" акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен хабарлады.

«2013 жылдың 16 -17 шілдесінде жылу құбырларындағы тығыздықты тексеру мен қысқа дайындықты тексеруге байланысты Момышұлы даңғылы, Балқантау, Қарқабат, Мирзоян көшелері мен Қараөткел кентінде, ВИП-қалашығында ыстық су берілмейді», - делінген таратылған мәліметте.

Астананың ресми сайтының жазуынша, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары, ПИК және ӨК төрағалары берілген ұйғарымға орай ыстық суды желіден айырып, осы кезеңде қызметкерлердің кезекшілігіне ұйымдастыруы қажет. Жылу жүйесіндегі барлық жұмыстар тоқтатылады.