Астананың кейбір аудандарында уақытша жарық өшіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астананың кейбір аудандарында электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады. «Астана ЭҮК» АҚ astana.kz сайтына хабарлағандай, мына мекенжайлар бойынша орналасқан нысандарда жарық өшіріледі:

Сейфуллин к-сі, 5, 7, 9, 9/1, 13/1 («Сказка» ТК), Әуезов тұйық көшесі, 9а, 9б, Кубрин к-сі 10в, 20/1 («Сайран» ТК), 22/1 («Успех» ТК), 23/1 («Европейский-1» ТК), Жданов к-сі, 26/1, 26/4 («Европейский-2» ТК). Сондай-ақ, Пушкин к-сі, 15, Янушкевич к-сі, 10/1, 10/2, 10/3, 12, 12/1, Кенесары к-сі, 91-91/4, Көктал-2 кенті ( Ақмола к-сі, Арқалық к-сі, Мойылды к-сі, Қайнар к-сі), Промышленный кенті (Құлагер к-сі, Атамұра к-сі).

Қалалық электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты электр энергиясын беру тоқтатылады. Барлық мәселелер бойынша тұрғындар 79-69-49 телефонына хабарласа алады.